435
Алматы облысы Қайназар ауылдық округінің аумағындағы су арнасынан ер адамның мәйіті табылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Polisia.kz жазуынша тергеу іс-шарасы кезінде қаза тапқан адамның жеке басы анықталған. Ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы тумасы болып шықты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1984 жылғы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындаған.
Сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.