Шымкентте күніне 10 мыңдай көлік қатынайтын күре жолды тазалау жұмыстары күшейтілді

Теги: , ,
248

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында қалалық маңызы бар 9 көше орналасқан. Қазіргі уақытта әр көшеде тәулігіне шамамен10 мыңнан астам көлік қатынайды. Соның бірі жалпы ұзындығы 7,1 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі. Аталған көше Түркістан бағытына қатынайтын негізгі көшелердің біріне айналып отыр.

Күнделікті 10 мыңдаған көлік қатынайтын көшенің санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, арнайы мекемелер мен мердігер мекемелердің жұмысшылары жұмылдырылды. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, санитарлық тазалау жұмыстары барысында жол жиектері мен ирригациялық жүйелер тазаланып, шөп ору және ағаш бұталарын қырқу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заңсыз жарнамалар ретке келтіріліп, ретсіз сауда орындары жойылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Темірлан тас жолы бойында жалғасын тапты. Аталған тазалық жұмыстары тиісті мекемелердің бақылауына алынып, дер кезінде қадағалануда.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкент қаласын күн сайын 1273 жұмысшы қоқыстан тазартатыны белгілі болған еді. Коммуналды сала қызметкерлері екі ауысымда жұмыс істейді және әрбір белгіленген аумақ, көшені қоқыстан мұнтаздай етіп тазалайды.

Ең алдымен қаладағы магистральді көшелердің бойын тазалау міндеттелген. Яғни, қаладағы 433 магистральды көшенің қоқысы таңғы сағат 6.00-де басталып, түскі сағат 14.00-ге дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жауын-шашын салдарынан су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазаланады.

Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 5 ауданнан аталған жұмыстарға күнделікті Абай ауданынан 391 жұмысшы, 22 техника, Әл-Фараби ауданынан 133 жұмысшы, 11 техника, Еңбекші ауданынан 250 жұмысшы, 17 техника, Қаратау ауданынан 375 жұмысшы, 43 техника және Тұран ауданынан 124 жұмысшы, 11 техника жұмылдырылады.

Егер қала тазалығына қатысты сұрақтарыңыз болса, төмендегі нөмерге хабарласуға болады:

Әл-Фараби ауданы бойынша: «Таза өлке» мердігер мекемесі: +7 (747) 395-57-90

Абай ауданы бойынша: «Kaz Stroi Service capital» мердігер мекемесі +7 (707) 934-13-70

Тұран ауданы бойынша: «ШымкентСпецКомплекс» мердігер мекемесі: +7 (747) 395-57-90

Еңбекші ауданы бойынша: «Группа Интеко» мердігер мекемесі +7 (778) 566-69-56

Қаратау ауданы бойынша: «Жасыл жер» мердігер мекемесі; +7 (705) 983-00-00

Алдыңғы пост
73 жастағы қария депозитіндегі бар ақшасынан айырылды
Келесі пост
Қазақстанда 7 мыңға жуық тоғызқұмалақ үйірмесі бар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu