Жылына 500 миллион бөтелке сусын шығаратын зауыт салу жоспарлануда

326

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қала экономикасына қатысты инвестициялық жобаларды іске қосу мақсатында «Zalal Mowafaq» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде екі тарап  Шымкентте жылына  500 миллион бөтелке алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу, сонымен қатар Шымкент қаласының тұрғындарын 300-ден астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарларын талқыланды.

Компанияның Ауғанстанда жеміс шырындары мен энергетикалық сусындарды өндіруде жиырма жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта бұл әлемдік тәжірибеде сұранысқа ие сусын екендігі дәлелденді. Ауғанстандағы алкогольсіз сусындар нарығының 78,4%-ды  иеленуі олардың  бұл саладағы  жетістіктері мен тәжірибесі мол екендігін көрсетеді. Аталған инвестициялық  жобаны жүзеге асыру үшін «Бозарық» индустриалдық аймағынан 10 гектар жер телімі берілді. Жобаның жалпы құны 7 200 млн. теңгені құрайды. Іске асыру мерзімі 2024 жылға жоспарлануда.

Сондай-ақ, Шымкентте алдағы уақытта желатин өндірісі қалыптасатын болды. Жалпы Қазақстанда тамақ, косметикалық және фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін өндіру үшін желатинді тек шетелден алдыртады. Сондықтан желатин еліміздің нарығында сұранысқа ие шикізаттың бірі.

Мемлекет басшысының «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында қаладағы «Бозарық» индустриялық аймағында желатин өндіретін зауыттың іргесі қаланады. Қытай инвесторларымен бірлесе қолға алынған жоба құны 4, 5 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылса 120 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 20 тонна желатин өндірілмек.

Зауыт құрылысын 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, «Бозарық» индустриалдық аймағында 3-5 гектарды жерді алып жатқан жобаның жүзеге асырылуы мақсатында мұнда барлық қажетті инфрақұрылым қамтылған.

Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес. халықты жұмыспен қамтуды арттыра отырып, шағын бизнесті дамыту, сол арқылы экономика салаларын әртараптандырудың орта бизнес-драйверін қалыптастыру мүмкіндігіне ие боламыз.

Сонымен қатар, қаладағы тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына байланысты нарықта сантехникалық бұйымдарға деген сұраныс өте жоғары. Осы мақсатта миллион тұрғыны бар мегаполисте алдағы уақытта сахтехникалық құралдар мен бұйымдар өндіретін зауыт қосу жобасы жүзеге асырылмақ. Зауыт «Жұлдыз» индустриалдық аймағындағы 4 гектар жерде орналасқан.

Аталған аймақтағы нысан тиісті инфрақұрылыммен қамтылатын болады. Сондай-ақ, зауыт жылына 40 мың дана жуыну ваннасын және  40 мың қол жуғыш құралдарын шығаруға қауқарлы. Зауыт іске қосылған жағдайда 30 адам жұмысқа тартылмақ. Жоба құны 1 миллиард теңгені құрайды, сонымен қатар 2024 жылы іске қосылады деп күтілуде.

Алдыңғы пост
Жасыл желектерді ретке келтіру жұмыстарына күн сайын 27 техника, 75 жұмысшы тартылады
Келесі пост
Маңғыстауда салмағы 7 келіге жуық алып сәби дүниеге келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu