Ауруханадан 42 млн теңге жымқырған бухгалтер 1,5 жылдан кейін ұсталды

Теги: , ,
279

Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерден қомақты қаржы жымқырған бухгалгер-кассир 1,5 жылдан кейін ұсталды. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Көкшетау қалалық прокуратураның мәліметінше, ол 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап 2021 жылдың шілде айының аралығында туберкулезге қарсы диспансерде бухгалтер-кассир болып жұмыс істеп жүріп, есеп айырысу шотынан шамамен 42 млн теңге сомасында аурухананың ақшасын жымқырған. Белгілі болғандай, есепші өзге адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдаланған және қомақты қаржыны жымқырған соң белгісіз бағытта жасырынған.

2021 жылдың шілде айында осы факті бойынша (ҚК 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, оған  іздеу жарияланған болатын.

Биыл 24 сәуірде бір жарым жылдан астам уақыттан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Ол Павлодарда жасырынып жүрген.

Күдікті  тергеу кезінде өз кінәсін толық мойындаған. Көкшетау қаласының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі сотқа жіберді.

Алдыңғы пост
Шымкентте мамандандырылған ХҚКО-лар жаңа кестемен жұмыс істейді
Келесі пост
Шымкентте медицина қызметкерлері марапатталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu