Жасыл желектерді ретке келтіру жұмыстарына күн сайын 27 техника, 75 жұмысшы тартылады

149

Қала көшелеріндегі жол белгілері, «Сергек» бейнебақылау камералары көлік және қала жүргізушілеріне кедергісіз анық көріну үшін бей-берекет өскен тал-дарақтарды қырқу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ағаштар алдымен бір формаға келтіріліп қырқылады, түбін аршып, қурағандар кесіледі.

Тал қырқу жұмыстарына әр ауданнан 2 автобөшке, 5 арнайы техника бөлінген. Әсіресе, қала ішіндегі магистральді көшелердің бойында егілген жасыл желектерді ретке келтіру жиі атқарылады.

Сонымен қатар мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында аталған жұмыстарды атқару үшін қаламызда күнделікті 27 техника, тиісті құрал жабдықтар және 75 жұмысшыдан құралған арнайы бригада жұмылдырылады. Алдағы уақытта тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен тұрақты жүргізіліп, жауапты мекемелердің қырағы бақылауында болады.

Бқдан бөлек, өткен аптада қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен арнайы жиын  өтті. Онда мегаполис аумағын қардан тазалау жұмыстары талқыланып, дайындық барысы пысықталды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан маусымдық жұмыстардың кешенді жоспары таныстырылды.

Бүгінде жекеменшік әріптестерде қысқы маусымда қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылатын 126 арнайы техника сақадай сай тұр. Онымен қоса жеке кәсіпкерлердің 30-ға жуық техникасын пайдалану  бойынша келісім шарт түзілген. Өткен жылмен салыстырғанда техника саны 87 данаға артып отыр.

Қазан айында қосымша техникалар сатып алу жоспарлануда. Жалпы, қар күреу жұмыстарына, инертті материалдар мен қарды тасымалдауға тиісті қаражат қаралған. Қардан тазарту жұмыстары әр ауданда 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға тазалық жұмыстарының кестесін талапқа сай пысықтауды және арнайы техникалардың қажіттіліктерін нақты анықтауды тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жіберілген кемшіліктерді зерделей отырып,  өзекті мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ, магистральды көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Қазір арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштар мен жасыл желектерді зиянкестерден, күннен қорғау үшін әктеуге кірісті. Жауын- шашын салдарынан су алу қауіпі бар аумақтар да қатаң бақылауға алынды.

Қаладағы 443 магистральды көшенің тазалығына 5 мердігер мекеме бекітілген. Орталық көшелерді тазалау жұмыстарына күн сайын  1500-ге жуық жұмысшы, 100-ден аса  техника жұмылдырылуда.

Сондай-ақ ішкі орам көшелер мен қоғамдық орындарда, көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторларда тазалық жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Су жиналу қаупі бар 58 орын анықталып, ирригациялық жұмыстар жүргізілуде
Келесі пост
Жылына 500 миллион бөтелке сусын шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu