Сырдарияда суға батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды

294

Отырар ауданы Көксарай ауылынан 3 шақырым жердегі Сырдария өзеніне батып кеткен 10-шы адам – 2011 жылғы ұл баланың мәйіті табылды. 

ТЖМ хабарлауынша, 2013 жылы дүниеге келген қыз баланың денесін іздестіру жұмыстарын жалғасуда. Іздеу жұмыстарына барлығы 139 адам, 20 техника, 2 дрон және 9 жүзу құралы жұмылдырылған.

“Құтқарушы-сүңгуірлер су астында жүзу құралдарының көмегімен 2300 шаршы метр, 42 км өзен түбін зерттеді. Пилотсыз ұшу аппараттарын тарта отырып, 51 км аэровизуалды барлау жүргізілді. Іздеу жұмыстары құйындылардың, күшті су асты ағындарының, өзен тереңдігінің күрт өзгеруінің, жағалау аймақтарындағы өсімдіктердің тығыздығымен, сондай-ақ өзен түбінде ағаш бұтақтарының жиналуымен қиындай түсті” делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, 21 тамыз күні кешкі уақытта Отырар ауданындағы Көксарай ауылына жақын жердегі Сырдария өзенінде 11 адамның суға батып кеткені белгілі болды. Олар ағайынды 4 отбасының мүшелері.

Алдыңғы пост
2 миллион 600 мың теңге үшін 60 команда Астана қаласында бақ сынасады
Келесі пост
90 жастағы бауырлардың кездесуі көпті елжіретті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu