Ұлттық статистика бюросындағылардың дерегінше, елімізде кілем өндірісі төмендеп кетті.
Нақтырақ айтар болсақ, 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында кілем мен кілем өнімдерінің өндіріс көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% азайған. Биыл қаңтар-маусым айларында қазақстандық кәсіпорындар 2,7 млн шаршы метр кілем өнімін шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млн м2 өнім өндірілген.
Бұл ретте аталған өнімдердің импорты 3,5% қысқарған. Мәселен, жоғарыда аталған кезеңде 7,4 млн м2 астам өнім импортталған. Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі 73,3% құрады. Ал бірінші жарты жылдың ішінде экспорт қарқыны 52,4% өсіп, шетелге 334,1 мың м2 кілем өнімі жөнелтілген.
Алты айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта барлығы 9,8 млн шаршы метр кілем мен кілем өнімі сатылған.