Жаңа 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталатын болды.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде айтты.
«Бұл мәселеге қатысты қоғамда сын көп айтылып, педагогтар қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет етіледі. Министрліктің шешімі дұрыс болды деп санаймын. Бірақ, асығыстық болды. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін», – деді Тамара Дүйсенова.
Вице-премьердің пікірінше жаңалықты енгізу үшін жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан 2023-2023 оқу жылы 25 мамырда аяқталады.