«Ақшадан тарыққан». Шымкентте барымташылықты кәсіп еткен жас жігіт сотталды

Теги: , ,
442

Шымкентте мал ұрлығының бірнеше дерегіне қатысы бар ер адам сотталды. Үкім қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқылды.  

28 жастағы жігіт қаланың шет елдімекендерінде мал ұрлығымен айналысты деп айыпталды. Бұл туралы Абай аудандық ПБ-на 4 жергілікті тұрғын ұқсас мазмұнды арызбен жүгінген. Олар үй жанында жайылып жүрген төрт түліктерін белгісіз біреу қолды еткенін айтып полицияға шағымданған.

Тұрғындардың арызы ҚР ҚК-нің 188-1- бабы 3-бөлігі «Бірнеше рет жасалған мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, полицейлер аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында жұмыссыз жігіт қаржылай мәселелерін шешу үшін осындай қадамға барғанын мойындаған. Ол өзіне тиесілі «Mitsubishi Galant» маркалы автокөлігімен қараусыз жүрген малдарды ұрлап, сатып жіберген.

Полицейлер жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдады. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған үй жануарлары заңды иелеріне қолхатпен қайтарылды. Сот 28 жастағы азаматқа қатысты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алдыңғы пост
Ақтөбеде жол апаты кезінде шетелдік ер адам көз жұмды
Келесі пост
Түркістан облысында вакцина салдырмаған балалар қызылша жұқтырған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu