«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Теги: , , ,
354

Республикалық комиссияның шешімімен биылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер хабарлады.

Толық тізіммен “Болашақ” халықаралық стипендиясы ресми сайтында танысуға болады. Стипендияға ие болғандардың 138-і магистратурада, 8-і докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген. Соңғы лекке 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруыңызға болады.

Алдыңғы пост
Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойды
Келесі пост
ІІМ Шымкент мектептеріндегі қауіпсіздік жүйелерін тексерді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu