Келер жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мыңға көтерілмек

Теги: , , ,
438

2024 жылдың қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көтерілмек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде айтты.

«Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік»,-деді Мемлекет басшысы.

Президент сөзінше, бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек.

“Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты”,-деді Президент.

Алдыңғы пост
Учаскелік дәрігер жолдамасынсыз арнайы маманға қалай қаралуға болады?
Келесі пост
Елімізде атом электр станциясын салуға қатысты референдум өтетін болды 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu