Шымкенттік жігіт теннис орталығында комиссия мүшелерінің телефондарын оп-оңай жымқырып кеткен

Теги: , ,
271

Шымкентте теннис орталығына ұрлыққа түскен жас жігіт құны 1 миллион теңгеден асатын техниканы оп-оңай жымқырып кеткен. 

Ұрланған ноутбуктер мен смартфондар елордадан теннис турнирін өткізуге келген комиссия мүшелеріне тиесілі болып шықты. Кеңседен заттарының жоғалғанын байқаған жәбірленушілер оқиға туралы полицияға хабарлаған.

Бейнекамералардағы жазбаларды зерделеу кезінде күдікті теннис ойнауға келгендей кейіп танытып, спорт орталығына емін-еркін кіргені және ашық тұрған қызметтік бөлмеден қымбат техниканы қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды.

Полиция хабарлауынша, оның жеке басын анықтады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы жігіт. Тергеу барысында жастығында жасаған қателіктерінен сабақ алмаған қала тұрғынының  тағы 7 ұрлық фактісіне қатысы бары анықталды.

Жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жедел уәкілдер әккі ұрының ізіне түсіп, оны тағы бір ұрланған смартфонды кездейсоқ сатып алушыларға өткізу үстінде ұстады.

Күдікті бір ай ішінде өзгенің төрт ұялы телефонын, ноутбук пен екі ойын приставкаларын иемденген.

Жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам шығын емдеу орталығының, интернет-клуб және стоматологияның жұмысшылары мен шаштаразға келтірілген. Барлық жағдайда ол ғимараттарға қызмет алушы кейпінде кірген.

Қазіргі уақытта 188-баптың 3-бөлігінің 2-тармағы «бірнеше рет жасалған ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.   Ұсталған ер адам қамауда.

Алдыңғы пост
Шымкенттік дәрігерлер израильде біліктілігін арттыруда
Келесі пост
Колледж студенттерінің жалақысы 50%-ға өсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu