420
Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 29 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында қолға алынып отыр.
Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет. Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады. Оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.