«Аяқ киім, сөмке, ойыншықтар».Шымкентте жас жігіт дүкеннен 7,5 млн теңгенің тауарын ұрлап кетті

Теги: , ,
385

Шымкентте 18 жастағы жас жігіт дүкеннен 7,5 млн теңгенің тауарын үптеп кеткен. 

«102» арнасына әмбебап дүкеннің қоймасы мен сауда алаңынан тауар ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Кәсіпкердің айтуынша, белгісіз біреу жалпы құны 7,5 миллион теңгеден асатын аяқ киім, сөмкелер мен балалардың ойыншықтарын ұрлап кеткен. Бұл жайт «Өндiрiстiк үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кiру арқылы ірі мөлшерде жасалған ұрлық» бабы бойынша тіркелді.

Іздестіру іс-шаралары барысында жедел басқару орталығының көше камераларының арқасында ұрланған тауарларды алып кеткен жүк көлігі анықталды.

«Оның ізіне түскен полицейлер тауар түсірілген мекенжайды да анықтады. Тәртіп сақшылары сол үйден ұрланған заттардың барлығын тапты. 18 жастағы күдікті де осы жерде ұсталды» делінген қалалық ПД мәліметінде.

Тергеу барысында жас жігіт түнде серуендеп жүріп, дүкен ғимаратының артқы жағындағы терезенің ашық тұрғанын байқап, сол арқылы ішке кіргені белгілі болды. Кассаның жанынан мекеменің алдыңғы есігінің кілтін тауып алған соң бұл сәтті барынша пайдалануға тырысқан. Айналасындағы барлық кабельдерді қуат көздерінен ажырату арқылы жас жігіт бейнебақылау жүйелерін өшірген. Содан соң жүк тасымалдау қызметін көрсететін көлік шақырып, жүк салғышын тауарға толтырған. Кейін қылмыс болған жерден ізін суытқан.

Қазіргі таңдакүдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Қазақстанда қанша шипажай бар?
Келесі пост
Түркістанда шаруа қожалығының екі басшысы ер адамды 5 жыл бойы құлдықта ұстаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu