Әнші Төреғали Төреәлі тағы да қамауға алынуы мүмкін

Теги: , ,
331

Отандық әнші Төреғали Төреәлі тағы да қамалуы мүмкін. Қазіргі таңда Алматыда Түркісіб аудандық сотында өнер иесінің үстінен қозғалған қылмыстық іс қаралып жатыр.

Алматы қалалық сотының хабарлауынша, әншіге Қылмыстық кодекстің 378-бабы 1-бөлігі (Билік өкілін қорлау) бойынша айып тағылып отыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігіне сәйкес, билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау – 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, 14 маусымда Алматыда көлік тізгіндеген әншіні полицейлер ұстаған сәтінің видеосы тарады және ресми мәліметке сүйенсек, көлік жүргізуші полицейлерге бағынбай, қашпақ болған. Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес көлік тізгіндеген жүргізушінің есірткіге мас екендігі белгілі болды. Сол күні өнер иесі әкімшілік жауапқа тартылды. Сот қаулысы бойынша ол  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оны 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, оған 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Алдыңғы пост
Балуандарға батырға лайық құрмет көрсетілді
Келесі пост
Азия ойындары-2023. Ханчжоуда салтанатты түрде Қазақстан туы көтерілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu