Түркістанда көлік жүргізушіге 6,6 млн теңге айыппұл салынған

Теги: , , ,
381

Түркістан облысында полицейлер “Қорғау” бағдарламасының көмегімен төленбеген 6,6 миллион теңгеден астам берешегі бар жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев брифинг кезінде мәлімдеді.

Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне “Қорғау-қауіпті жүргізуші” мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар “Фольксваген Пассат” маркалы автокөлік туралы ақпарат берілді. Тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іске кірісіп,  аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, оны «Шымкент-Самара» тас жолында тоқтатты.  Тексеру кезінде бұл автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты.

“Тәртіп сақшылары “Фольксваген Пассат” автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді” делінген полиция мәліметінде.

Алдыңғы пост
Келес ауданында оқушылар арасында жаппай төбелес болды
Келесі пост
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu