Биыл алғаш рет ұстаздардың кәсіби мерекесі 5-қазанда атап өтіледі

Теги: , , ,
308

Биыл алғаш рет Ұстаздар күнін атап өту – 5 қазанға бекітілген. ҚР Үкіметімен тиісті қаулы қабылданған болатын. Осы уақытқа дейін елімізде мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Бұл күн Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген.  

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 5-қазанға елордада педагогтердің республикалық съезі өтеді. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 700-ге жуық ұстаз қатысады. Кездесу алаңында педагогтер ең озық және халықаралық тәжірибелерімен бөлісе алады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның білім беру саласында 500 мыңға жуық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру маманы жұмыс істейді.

Төрт жыл ішінде ұстаздардың жалақысы екі есеге өсті. 220 мыңға жуық мұғалімге тағайындалған санаттарына қарай 50 пайызға дейін үстемеақы төленуде. Өндірістен қабылданған техникалық және кәсіптік білім беру ұстаздары жалақысына 35 пайызға дейін қосымша ақы алады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап 97 мың мұғалімнің жалақысы тағы 30 пайызға өсті.

Алдыңғы пост
Шымкентте анасы мен қызы дүкеннен бірнеше рет иіссу жымқырып кеткен
Келесі пост
Астана мектебіндегі оқыс оқиға: Директордың үстінен іс қозғалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu