401
Ақтөбе облысында көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған.
Ер адам “Қарасора-2023” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде қызметтік иттің көмегімен ұсталды. Ол масаң күйде болған.
45 жастағы тұрғынның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде үйінің шатырынан ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары салынған бір қап табылды.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 23 кг 500 гр “марихуана” есірткі заты болып табылады. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» деп хабарлады полициядан.
Айта кетейік, күдіктінің кәмелет жасына толмаған 6 баласы бар.