Көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған

Теги: , ,
209

Ақтөбе облысында көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған.

Ер адам “Қарасора-2023” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде қызметтік иттің көмегімен ұсталды. Ол масаң күйде болған.

45 жастағы тұрғынның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде үйінің шатырынан ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары салынған бір қап табылды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 23 кг 500 гр “марихуана” есірткі заты болып табылады. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, күдіктінің кәмелет жасына толмаған 6 баласы бар.

Алдыңғы пост
Астана мектебіндегі оқыс оқиға: Директордың үстінен іс қозғалды
Келесі пост
Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің көру қабілеті бойынша мүгедектігі төмендеуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu