304
Шымкентте жоғалған екі оқушы табылды. Екі жағдайда да жасөспірімдер ата-анасынан жасырын түрде кешкі уақытта ғашықтарымен серуендеуге шыққан.
Полиция хабарлауынша, үлкендер романтикалық қарым-қатынас орнатуға тыйым салған соң оқушылар осындай қадамға барған көрінеді.
Тұран ауданының тұрғыны 15 жасар қызымен хабарласа алмай жатқанын айтып полицияға шағымданған. Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшыларына тағы да осындай қоңырау түсті. Бұл жолы жоғалған жігіттің анасы дабыл қаққан.
Балаларды іздестіру жұмыстарына Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері жұмылдырылды.Нәтижесінде жасөспірімдер аман-есен табылып, отбасыларына оралды.