Петропавлда жеке тұрғын үй өртеніп кетті. Қызыл жалын салдарынан жас қыз бен 2 бүлдіршін көз жұмды.
СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қыркүйек күні болған. 101 телефон нөміріне сағат 21.35-те Волочаевская көшесіндегі үйде өрт шыққандығы туралы хабар түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минутта жеткен. Қызыл жалынды сөндіру барысында үйден 3 адамның (20 жастағы бойжеткен, 5 және 1 жасар бала) денесі табылды.
«Өртті сөндіруге жеке құрамның 15 адамы және 3 техника жұмылдырылды. Жалын 19 шаршы метрді шарпыған. Қызыл жалын 22.36-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал анықталатын болады. Бұл үй тұрғындары халықтың әлеуметтік осал топтарының есебінде тұрған жоқ. Жергілікті атқарушы орган тиісті заңнама аясында көмек көрсетпек. Қаза тапқандардың туыстары және жақындарымен ТЖД психологиялық қызметінің қызметкерлері жұмыс жүргізді» деп хабарлады ведомстводан.