Қазақстанда дәрігер тапшылығы бар

Теги:
329

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде 4 мың дәрігер жетіспейді.

«Республикада дәрігерлер қажеттілігі – 3,9 мың штаттық бірлік. Дәрігерлердің аса тапшы мамандықтар бойынша қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2023 жылы республикалық бюджет есебінен шамамен 6 мың білім беру гранты (2,7 мыңы – бакалавриат және интернатура, 2,5 мыңы – резидентура, 325-і – магистратура, 160-ы – докторантура) бөлінді», – деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәліметінше, биыл медициналық университеттерді шамамен 7 мың дәрігер бітірген. Оның ішінде: бакалаврлар – 1 720, магистрлер – 414, PhD докторлары – 173, орта медицина қызметкерлерінің саны 23 мыңнан асады. Өңірлердің ақпараты бойынша 3 мыңнан аса маман жұмысқа орналастырылды. Бұл ретте 601 маманға үстемақы бөлінді, тұрғын үймен 384 адам қамтамасыз етілді, 74 маманға өзге де қолдау шарасы көрсетілген.

Алдыңғы пост
Елімізде коронавирустың жаңа штаммы тіркелді
Келесі пост
Шымкентте жолдың қақ ортасында көлік өртеніп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu