348
Шымкентте DAEWOO NEXIA маркалы автокөлік өртенді. Оқиға 5 қазан күні Сайрам және Жібек жолы көшелерінің қиылысында болған.
Өрт туралы «101» диспетчерлік қызметіне сағат 00.17-де хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, қызыл жалын сағат 00:45-те толығымен сөндірілді. Көлікті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Көліктің қысқа тұйықталу себебінен өртенгені анықталған.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала аумағында 2023 жылдың 9 айында 39 автокөлік өртенген. Басты себеп – қысқа тұйықталуы мен техникалық қызметтің дұрыс көрсетілмеуі.