Қызылордалық тұрғын қойдың жүніне картоп еккен

288

Қармақшы ауданы Ақжар ауылының тұрғыны ерекше әдіспен картоп екті. Ол егінге қажет суды үнемдеу үшін қойдың жүні мен сабанды пайдаланған, деп хабарлады Хабар 24.

Ауылға су келмегендіктен, Талғат Лекеров жер асты суын пайдалану арқылы картоп егуді қолға алған. Ол, қойдың жүнін төсеп, оған картоп тұқымын тастайды. Ал үстін сабанмен жауып, көңмен көмген. Арасы дымқылданып, картоп тез піседі екен. Ал жүн мен сабан шіріп, топыраққа құнар береді. Нәтижелі еңбегінің арқасында, бірнеше шаршы метр жерден 300 келі картоп жинап алған. Сонымен қатар, тұрғын картоптан бөлек, сәбізде еккен.

«Осы сәбіз 5 тамызда егілді. Бұлар енді күзге дейін піседі. Күннің салқынында сәбіз жақсы өседі. Түнде шық түседі қанша дегенмен. Өзі ығалданып, күзде егілген сәбіз көп суды қажет етпейді. Жер қызбайды, кеппейді асты. Сосын жер қатаймайды», – дейді Талғат Лекеров.

Бұл қарапайым отбасының бюджетін үнемдеуге айтарлықтай көмек бермек. Сондықтан, осы әдіспен өзге де өсімдіктерді жылда егуді қолға алмақ.

Алдыңғы пост
Израильге жасалған тосын шабуылдан 700 адам қаза тапты
Келесі пост
Динара Зәкиева, зорланған егіз қыздардың бауырлары да азапталғанын мәлімдеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu