439
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Биыл тамыз айында коронавирус жұқтырған 300-ден аса адам тіркелсе, ал қыркүйекте 500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды. Дегенмен, бұл жағдай өткен жылмен салыстыруға келмейді. Себебі, былтыр осы кезеңде коронасирус жұқтырғандардың саны 411 мыңға жеткен, сонымен қатар, қыркүйектегі жағдайға тоқталайын. Елімізде әлі Омикрон штамы мен оның бірнеше түрі (100%) тарап жатыр, коронавирустың жаңа «Эрис» штамының тарауы – 25%, – деді деді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, Қазақстан бойынша «коронавирус жұқтырды» деген диагнозбен 23 адам ауруханада емделіп жатыр. Жағдайы ауыр – өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар жоқ.