Жалпықалалық сенбілікке 5 мыңнан аса тұрғын қатысып, сүйікті қаламызға тазалық сыйлады

217

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен бүгін жалпықалалық сенбілік күні өткізіліп, тазалық шараларына қала тұрғындары белсене қатысты.

Сенбілік барысында әр аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар аумағы, гүлзарлар мен саябақтар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше бойындағы арықтарды тазалау жұмыстары атқарылды.

Жалпықалалық сенбілікке  Қаратау ауданынан «Қаратау» КММ-і 130, 500-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер де өз ынталарын танытып, қала көркі мен тазалығына күш салды. Ал, тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника тартылды.

Еңбекші ауданынан «Еңбекші» КММ-і 123, «Группа Интеко» ЖШС-інен 250 жұмысшы мен 23 техника, «Жасыл Ел» ЖШС-інен 32 жұмысшы, 4 техника қатысса, 700-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер де өз ынталарын танытты.

Ал Абай ауданынан «Абай» КММ-і 120, жергілікті мекеме ұжымдары мен аудан тұрғындары  жұмылды. 14 арнайы техника атсалысты.

Сондай-ақ, Тұран ауданында үш мыңға жуық аудан аудан тұрғындары атсалысты. Атап айтқанда, көпқабатты үйлердің тұрғындары, мектеп ұжымдары, бизнес нысанының иелері және елдімекен тұрғындары қатысты. Он техника тартылды.

Әл-Фараби ауданының тазалығына жауапты “Әл-Фараби”  КММ,  “Жасыл ел” ЖШС,  “Сенімді Құрылыс” ЖШС  мердігер мекемелер жұмысшылары, Теріскей шағын ауданы көпқабатты үйлердің тұрғындармен бірлесе ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында ирригациялык арықтар, аулалар мен алаңшаларды күл-қоқыстан тазарту,  сынған бұталарды шығару  және  қоршаулар мен балалар ойын жабдықтарына сырлау  жұмыстары жүргізілді.  Ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде іске асырылып келеді. Осыған орай, Экологиялық полиция қызметкерлері мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері бірігіп рейдтік іс-шара ұйымдастыруда.

Нәтижесінде, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған, ластаған және тыйым салынған тұрмыстық қатты қалдықтарды тастаған орындар анықталып, тәртіпсіздік жасаған тұрғындарға айыппұл салынды. Мұндағы басты мақсат – қоқыс тастаудың өзіндік мәдениетіне баулу.

Айта кетейік, «Әкімшілік құқық бұзушылық» Заңының 505-бабына сәйкес, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша тәртіпсіздік жасалу нәтижесінде:

1-ші рет ескерту н/е 20 АЕК (69 000 тенге) айыппұл салынады;

2-ші рет қайталанса 30 АЕК (103,500 тенге) айыппұл салынады.

Алдыңғы пост
Тұрғындардың өтініші бойынша автобус бағыты арғымаққа дейін ұзартылды
Келесі пост
Шымкенттік дәрігерлер израильде біліктілігін арттыруда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu