Үкімет отырысында президент жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жобасы қаралды

236

Бүгін үкіметтің жаңартылған құрамының алғашқы отырысында мемлекет басшысының «әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселені қарау алдында Үкіметтің жаңа мүшелерінің ант беру рәсімі өтті. Салтанатты рәсімнен кейін Әлихан Смайылов  жауаптыларға межеленген міндеттерді, осыған дейін қабылданған жоспарлар мен тұжырымдамаларды, сондай-ақ Мемлекет басшысының әсіресе соңғы Жолдауда берілген тапсырмаларын орындау қажеттігін тапсырды.

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Жолдауда айтылған барлық бастама мен тапсырманы қамтиды. Құжат жедел экономикалық өсімге, инфрақұрылым мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін жаңа экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі маңызды міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл, сайып келгенде, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына әсер етеді.

Аталған шараларды тиімді іске асыру, бірінші кезекте министрлер мен әкімдерге жүктеліп отыр. Сондай-ақ барлық мемлекеттік органның, әкімдіктердің Жоспарды бірден орындауға кірісуі қажеттігі ескеріліп, бірінші басшылардың көзделген іс-шараларды сапалы және уақытылы орындалуы қамтамасыз етілуі қажет. Бастысы қаржыландыруға қатысты барлық мәселе жан-жақты пысықталуы керектігі назарға алынуда.

Айта кетейік, жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады.

Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс. Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығы да артып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас.

Тұрғындардың үштен бірі – жастар. «Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз», – деді Мемлекет басшысы.

Алдыңғы пост
Шымкентте 20-дан астам оқу орталығы жұмыссыз азаматтарды тегін оқытады
Келесі пост
Үкімет басшысы: “Шымкенттің өнеркәсіп аймақтар құру тәжірибесі барлық өңірде қолданылады”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu