558
Ол Украина футбол қауымдастығының президенті болып сайланды. 47 жастағы Андрей Шевченко Киев облысында туған. «Динамо» футбол клубының түлегі.
2004 жылы «Милан» клубының сапында әлемнің үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» сыйлығын алған.
1993-2012 жылдары клубтарда ойнаған кезде алаңға 442 рет шығып, 221 гол салған. Соның ішінде Киевтің «Динамосында» 168 матч ойнап, 82 голдың авторы атанған. «Миланда» ойнағанда 226 матчқа қатысып, 130 рет қақпаны дәл көздеген. Ал «Челсиде» 48 рет команданың жейдесін киіп, 9 допты торда тулатқан деп хабарлайды Халық үні.
Бұған дейін, Италияның «Дженоа» клубының бас бапкері болған еді.