“Шығыңыз! Бұқаға ұқсамаңыз! Осылай деген әкім, ескерту арқалады

410

Қостанайда тұрғындарға әдепсіз сөз сөйлеген әкім жазаланды. Федоров ауданы Пешковка ауылдық округінің әкімі, жиын барысында ауыл тұрғынын бұқаға ұқсама деп, қуып шыққан көрінеді. Әкім Әмірбек Ержановтың ашулануына, тұрғын өзімен бірге екі азаматты ертіп келгені түрткі болған секілді. Олардың жиынға қатысы жоқ екенін айтып, әкіреңдеген көрінеді.

Осыған байланысты, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тексеріс жүргізіп, әкімнің Иватовқа “Қайрат, бұқаға ұқсама!” және “Мына жерден құрып кет!” деген сөздерді қолданғанын анықтады. Сондай-ақ жиналысқа қатысушылар оның әдепсіз сөз айтқанын растаған.

Сондықтан, кеңес мүшелері , әкімнің 21 жылдық еңбек өтілін ескеріп, ескерту берумен шектелген.

Алдыңғы пост
Қазақстандық спортшы Александр Бублик ті ашуландырған кім?
Келесі пост
Тағы да шабуыл. Жедел-жәрдем қызметкері таяқтың астында қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu