Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Бөбектер үйінде Қайырымдылық күні аясында «Наурыз – мерекем, Наурыз берекем» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Бөбектер үйінің тәрбиеленушілері қонақтардың алдында Наурыз мерекесіне арнап өлең оқып, ән айтып, би биледі. Мерекелік іс-шара барысында екі бүлдіршіннің тұсауы кесілді.
Тәй-тәй басып жүрген сәбилердің қонақтарға гүл шоқтарын тарту еткені үлкендердің жүрегін ежіретті. Оларға да демеушілер мен кәсіпкерлер тарапынан әкелінген тәттілер мен ойыншықтар сыйға тартылып, мерекелік дастарқан басында бәрі «Наурыз көженің» дәмін татты.
Айта кетелік, мамандандырылған бөбектер үйнде төрт жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін төрт жасқа дейінгі 41 бөбек тәрбиеленуде.