Өгей қызын өлтірген азаматша 20 жылға сотталды

291

Жеті жастағы Карина Закураеваның өліміне қатысты іске нүкте қойылды. Оның өгей анасы кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады. Десе де, сотталушы өз кінәсін мойындамаған. сондай-ақ, баланы жақсы көрдім деп ақталуға тырысқан.

“Сот қылмыстық істі қарап, Балжан Тұрлыбекті кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды”, – деді сот отырысында төрағалық етуші Ерлан Болатов.

Естеріңізде болса,  қайғылы жағдай  былтыр шілде айында орын алған  болатын. 102 арнасына пәтерлердің бірінде кішкентай қыздың денесі табылғаны туралы ақпарат түскен болатын. Оқиға орнынан табылған мамандар, оның денесінен зорлық-зомбылықпен өлімнің көптеген іздерін тапқан. Оның үстіне сараптама қыздың ұрып-соғып өлтіріп қана қоймай, ұзақ уақыт азапталғанын анықтады.  Сотта, Прокурор өгей анасы өгей қызын нәжісін ұстай алмайтындықтан және “шалбарында үнемі дәрет қалдықтары қалатынын” ұнатпайтыны үшіг ұрғанын айтты. Бұл әйелдің баланы аяусыз ұрып-соғуына итермелеген.  Айыптау қорытындысы бойынша, үй иесі нәжістің жағымсыз иісін сезіп, ашуланып, қыздың басын қонақ бөлмедегі радиаторға ұрған. Содан кейін ол оны жуынатын бөлмеге сүйреп апарып, сонда өлтіріп тынған.

Алдыңғы пост
Көкөністер тонналап шіріп жатыр
Келесі пост
13 миллион қазақстандық декларация тапсырады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu