Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің сөзіне сенсек, еліміздегі 13 қала мәртебесінен айырылуы мүмкін. Өйткені, тұрғындардың саны 10 мыңға жетпейді.
Мәртебесінен айыралатын 13 қала бар. Онда халықтың саны 10 мың адамнан төмен. Мысалы, Шар, Қазалы және тағы басқа қалалар. Халықтың саны 10 мыңға жетпейтін қалаларды ауылға айналдыру мәселесін күн тәртібіне қойып, қарастырамыз. Бұл мәселе бойынша жергілікті әкімдік, мәслихатпен және халықпен бірігіп, шешім қабылдау керек, – деді Бауыржан Омарбеков Үкімет отырысынан соң.
Айта кетейік, бұған дейін 18 елдімекен қала мәртебесін алуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз. Қазақстанда жалпы 89 қала бар: 38 облыстық маңызы бар, 48 аудандық маңызы бар, 3 республикалық маңызы бар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент.