Атышулы Айкаға қатысты сот процесі басталды

387

Алматыда атышулы блогер әрі “элиталық эскорт” желісін ұйымдастырған азаматшаға қатысты сот процесі басталды.

“26 ақпанда Бас көлік прокуратурасы М. А-ға. қатысты қылмыстық істі Алматы Әуезов ауданының сотына ҚР ҚК-нің 296-баптың, 4-бөлігі (“Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу”), 309-баптың 2-бөлігі 1, 2-тармақтары (“Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет жасалған жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық”) бойынша жолдады”, – деп ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Айка қалталы шенеуніктер мен шетелдік бай-бағландарға интимдік қызмет көрсететін қыздарды жинап, жезөкшелікпен айналысқаны үшін қолға түскен болатын. Ол сұлу қыздарды әлеуметтік желі арқылы жинаған. және олардың сағаты 500 мың теңгеден бағаланған. Және жеңіл жүрісті бикештерге бай клиент тауып, түскен ақшаның 40 пайызын өзі алып отырған.

Айканың қыздарынан эскорт қызметін жиі алып тұратын жігіттердің тізімі тараған еді. Олардың арасында әнші Қайрат Нұртастың да аталған болатын.

Алдыңғы пост
Насыбай сатқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ба?
Келесі пост
Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu