Күзетшіні алдымен көлігімен қағып, сосын өлімші етіп сабаған

312

Осындай көріністегі бейнематериал әлеуметтік желіде тарады.

Қанды оқиға, Алматыдағы тұрғын үй кешенінде орын алған. Күзетші мен үй тұрғындарының бірі жанжалдасып, оның соңы адам өліміне әкеп соққан. Бейнематериалға сүйенсек, ер азамат жол талғамайтын көлікпен келіп, күзетшіні үш рет соққан. Мұнан соң, тепкінің астына алғаны көрініп тұр. Ауыр соққының салдарынан, жәбірленуші ауруханада көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында дау туып, соның салдарынан 45 жастағы ер адам күзетшіні өлімші етіп сабаған, – деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Суреттер бейнематериалдан алынды

Қазіргі таңда адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
Алдағы үш күнде -10°С-қа дейін аяз күтілуде
Келесі пост
Еліміз тағы да төтенше жағдайға дайын болмады ма?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu