Шымкент қаласы аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

183

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А. Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А. Манатқа қатысты үкім жариялады.

Сотта белгілі болғандай әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн. теңге мөлшерінде пара алған. Сонымен қатар зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн.теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.  Осы заңсыз әрекеттері үшін  11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен түрмеге тоғытылды.

Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Алдыңғы пост
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Келесі пост
Қатты соққыдан колледж студенті көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu