Тағы да Бишімбаевтың жыры. Кезекті сот отырысында Салтанатпен өткен күн тәптіштеп айтып берді. Сөзіне сенсек, ол, әйелін қасақана өлтірмеген. Айтуынша, Салтанат өзі берген әшекей бұйымдарын дәретханаға ағызып жіберген. Содан кейін олар әжетханада жанжалдасып, арты төбелеске айналған. Бишімбаев оған бір-екі шапалақпен ұрған. Сол мезетте әйелі өзі құлап, қабырғаға соғылған.
“Он секунд унитаздың жанында жатты. Бірақ ол кезде көзі ашық еді. Содан кейін ақырын орнынан тұрды. Оған көмектескен жоқпын. Орнынан тұрып, қайта құлады. Тепе-теңдігін жоғалтып, денесін басқара алмай қалды. Сосын оған көмектесіп, қабырғаға сүйеп отырғыздым. “Жақсысың ба?”, деп сұрадым, ол жауап бермеді. Ол кезде бетінде көгерген белгілер болған жоқ. Оны сол күйі қалдырдым. Қайта келсем дәретханада сол қалпында отыр екен. – Неге үнемі осылай болады деп айқайлап, орындықтарды тепкілей бастадым”, – деді Бишімбаев.
Бишімбаевпен Нүкенова лифтіге мінген соң да, ұрыс-жанжал жалғасқан. Тіпті шашынан тартып, әбден жұлқылаған. Онысы аздай, тепкінің астына алған.
“Сенің қалағаның осы ма” деп сұрадым. Ол күлді. Оның күлгені қатты ашуландырды. Сосын VIP бөлмеге кіріп кеттім, ол дәретханаға кетті. Ол маған: “Иә, мен осыны қалаймын” деп балағат сөздер айтты. Сосын ашуланып, шашынан ұстап, төрт рет ұрдым. Ол жерге құлады. Жерге құлаған соң, жамбасынан 3-4 рет тептім. Бірақ маңызы бар органдарына тигізген жоқпын. Ол орнынан тұрмады, сосын шашынан тарттым. Шашынан ұстап, VIP-ке апардым. Үйге барғым келетінін айттым, ол мені итеріп жіберді де бірнеше қадам жасап құлап қалды. Сосын оған тұруға көмектестім. Ол қайтадан диванға отырды. Саған не болды? деп сұрадым. Ол үндемей отырды. Сосын диванға жатып, аяғын көтерді. Мен Салта, ұйықтама дедім. Мен оны киіндіре де, көтере де алмайтынымды түсіндім. Бірақ ұйықтап, есін жисын деп ойладым. Сол кезде оның бетінде ісік пайда болды”, – деді Бишімбаев.
Мұны көріп, көріпкел шақырған. Ол оянады деп айтқан соң, қоластындағы адамдарға дәрі әкелуді сұраған. Өйткені, жедел жәрдем шақырып, шу тудырғысы келмеген.