288
Осылай деп Ресей мемлекеттік думасының депутаты Гурулев мәлімдеген көрінеді. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деді Қорғаныс министрлігі.
“Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз”,-делінген мәлімдемеде.