Мемлекеттік айыптаушының Instagram әлеуметтік желісінде жазылушылардың саны 15 мыңнан асқан. Алайда бұл парақша жалған екен. Өйткені, ол парақшада өзі отырмайды.
Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.
Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған:
«Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!».
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.
Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.