Халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтары елімізде қолға түсті

252

Бір қытайлық азамат ақша бопсалап іздеуде болса, екіншісі бағалы зергерлік бұйымдарды қолды еткені үшін халыаралық іздеуде болған. Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласының халықаралық әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтарын қолға түсірді.

Ұсталғандардың бірі Қытайдың құқық қорғау органдарымен іздестірілген. Ол Харбин қаласы Даоли ауданының базарында 100-ден астам сатушыдан ақша бопсалаған. Қылмыскер Вьетнамнан шығып, Қазақстанға Катар арқылы кірмек болған. Ал екінші ер адамды Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары Эр-Рияд қаласындағы әйгілі дүкендерден аса ірі мөлшерде зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуге жариялаған деп хабарлайды Polisiakz.

Келтірілген шығын 200 мың АҚШ долларынан асады. Қазіргі таңда қылмыскерлер қамауға алынды, оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Балабақшаларда 77 мыңнан астам жаңа орын ашылады
Келесі пост
Ресейдің Қорған облысында тасқыннан 19 мың адамға қауіп төніп тұр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu