Шымкент: тұрғын алаптарына оптикалық желі тартылуда

Теги: ,
240

Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стра­те­гия­лық жоспар саналады. Сон­дық­тан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкімет те Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауға білек сыбана кіріскен.

Президент жүктеген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бүгінде қаладағы шалғай елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Биыл сәуір айында қалалық цифрландыру басқармасы 4 инвестормен меморандум жасасып, жыл соңына дейін 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жүргізді.

Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Кез-келген адам, күніне кем дегенде 1 сағатын Интернетте өткізеді. Сондықтан, интернеттің жылдамдығы мен сапасы сын көтеруі қажет.

Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр қалада 14 елді мекен талшықты-оптика желісімен қамтылса, биыл бұл жүйені 20 елді мекенге тарту жоспарлануда.

Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 ,Самал 1, Самал2, 112, кіші Самал, Тассай тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар басталып кетті.

Тиісті басқарма жеке инвесторлармен бірлесе жуырда Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабын талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтыды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар. Сонымен қатар, биыл қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, қазір осы бағытта тиісті шаралар атқарылуда. Базалық станция орнату үшін қала аумағында бос жер телімдері белгіленген.

Айта кету керек. Бұған дейін, Қайнарбұлақ саяжай тұрғындары сапалы интернет желісіне қосылған болатын. Қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан талшықты оптикалық желімен қамту мәселесін шешу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде саяжайдың 11 орталық көшесіне талшықты оптика жүргізілді. Атап айтар болсақ, Мичурина; Гагарина; Комарова; Серегина; Клубничная; Абрикосова; Ореховая; Химиков; Фруктовая; Яблоневая; Сиреневая.

Естеріңізде болса, бұған дейін Шымкент қалалық цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Туғанбай, биыл Шымкент қаласында инвесторлардың есебінен 20 елдімекенге талшықты оптикалық интернет және 15 елді мекенге сапалы мобильді интернет жеткізу жоспарланып отырғандығын айт қан болатын.

Алдыңғы пост
Абай ауданында шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде
Келесі пост
Тұран шағынауданы кәріз жүйесіне қосылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu