320
Ер адам гуманитарлық көмекті видеоға түсірген. Мұнысын құптамаған имам ер адамға ескерту жасаған. Алайда, ер азамат, қарсылық танытып, ашумен соққыға жыққан. Ол осы әрекеті үшін 15 тәулікке қамалған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полициясы мәлімдеді.
Бізге жеткен ақпарат бойынша, мешіт гуманитарлық көмектің қалай бөлініп жатқанын көрсеткісі келмеген. Ал, кінәлі азамат, гуманитарлық көмекті жеткізуге жеке қатысқан әрбір адам оның қайда кетіп жатқанын көруге және білуге құқылы дейді.