Бұл туралы діни басқарма хабарлаған. Яғни, олардың некесі – харам. Сондай-ақ, діни басқарма Нүкенова мен Бишімбаевтың некесін қиған имамды жазалағанын мәлімдеді.
Олардың мәліметіне сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қияр алдында бас мешіт имамы діни басқарма тәртібін орындамаған. Олар салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген.
2022 жылдың 17 қазанында Астанадағы бас мешітте Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың өтініші бойынша куәгерлердің қатысуымен болашақ ерлі-зайыптылардың некесі қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан екі жастың АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде олар “жасалып жатыр” деп жауап берген. Олардың жауаптарын қабылдаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамы Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды. Ол, ішкі жұмыс тәртібін бұзған.
“Жоғарыда аталған теріс сипаттағы “азаматтық некенің” шариғаттағы үкімі – харам. Мұсылман баласы арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәдан аулақ болуға тиіс”, – делінген басқарма мәлімдемесінде.
Сурет: әлеуметтік желіден алынды