203
ҚР ТЖМ “СБЗҰҒҰ” ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 09 сағат 12 мин 44 сек жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 194 км жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында 2-3 балл, Қарқара ауылында 3-4 балл, Тоғызбұлақ ауылында 3 балл деп хабарлады ҚР ТЖМ. Айта кетейік, зардап шеккендер мен қираулар орын алмады.