Үш адамды өлтіріп, үйімен бірге өртеп жіберген азамат сотталды

182

Алматы облысында әйел мен екі баласын өлтіріп, баспанасымен бірге өртеп жіберген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, ер азамат  масаң күйде бірге тұратын әйелі мен оның екі баласын пышақтап, мерт еткен. Мұнан соң, есікті сырттан құлыптап кеткен. Ертесіне қайта келіп, қылмысын жасыру мақсатында, үйді өртеп жіберген. Ол аздай, жәбірленушінің ақшасын да қолды қылған.

“Сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот сотталушыны өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Келесі пост
Әріптестерін алдап,шетелге қоныс аударған журналист байланысқа шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu