Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген 60 тонна қызанақ кері қайтарылды. Өйткені, көкеністерден қауіпті вирус табылған. Нақтырақ айтар болсақ, Түрікменстан Республикасынан 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасынан – 4,2 тонна келген қызанақтан “қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы” анықталған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасы арқылы шет мемлекеттерден 1 075 автокөлікке тиелген 15 637,802 тонна қызанақ өнімі әкелінген.
Ал фитосанитария талабына (фитосанитариялық сертификаты жоқ, таңбасы жоқ) сай келмейтін 8 көлікке тиелген 29,522 тонна қызанақ өнімі өз еліне кері қайтарылған.
Сонымен қатар, өнімнің жасырын зарар жұқтырғанын анықтау мақсатында шетелден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыштың әрбір партиясына тиісті карантиндік фитосанитария сараптамасы (ПТР) жасалған.