208
Шахтинск тұрғынына 2015 жылы АИТВ диагнозы қойылған. Азамат мұны біле тұра, емделуді қаламаған. Және сақтық шараларын ескермеген. Сондай-ақ, жұқпалы дерт екенін біле тұра, азаматшамен бас қосқан. Яғни, 2016-2023 жылдары дерті жайлы ескертпестен әйелмен бірге тұрған.
Алайда көп ұзамай әйелге АИТВ жұғып, салдарынан ол көз жұмған. Сотта ер адам кінәсін мойындамады. Дегенмен сараптама нәтижесінде оның кінәсі дәлелденіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.