269
Қайғылы оқиға Аягөз қаласындағы бөлімшелердің бірінде орын алған. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, оқиға 13 маусым күні оқу-жаттығу барысында тіркелген. Яғни, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты, мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмған.
“Кінәлі және лауазымды тұлғалар қылмыстық кодекс және тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады”, – делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі таңда, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.