Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Теги: , ,
203

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Абай күнінмен құттықтады. Мемлекет басшысы құттықтау сөзін Twitter парақшасында жариялады.

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін елімізде Абай күні атап өтіледі. Бұл айтулы күн Үкімет қаулысымен 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығында белгіленген болатын.

Бұған дейін әлемді мойындатқан отандық әнші Димаш Құдайберген  Абай күніне орай жаңа челлендж бастап, оны жанкүйерлеріне жолдаған болатын.

Алдыңғы пост
Елімізде 11 медициналық колледж аттестациядан өте алмаған
Келесі пост
Көшеде серуендеп жүрген 51 жастағы әйел кәріз құдығына құлап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu