259
«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті.
Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.