241
Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деген сылтаумен алдау арқылы 100 млн теңгесін қағып алған көрінеді. Осыған байланысты күдікті деп танылып, тергеуге алынды.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті,”- делінген мәлімдемеде.
Күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде. Және күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.